1 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 1 қыркүйекте атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында кей жерлерде жаңбыр жауады, түнгі мезгілде солтүстікте жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында түнде кей жерлерде ызғар сезіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғады, найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді, шаңды дауылға ұласады. Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дала өрті қаупі күшті болады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 3 градус ызғар болады.

Күзгі ауа райы күнтізбеге сай басталады.