Асхат Аймағамбетов Қосшыдағы мектепке барды

Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді, білім алушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Білім күні — маңызды мереке және биыл бұл атаулы күннің орны ерекше. Пандемияға байланысты бұған дейін мектептердің бір бөлігі қашықтан оқыту форматына көшуге мәжбүр болған еді. Бүгін еліміз бойынша 7 мыңнан астам мектеп есігін ашып, жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастады. Әрине, мұғалімдер гаджет экрандары арқылы емес, балалармен тікелей байланыста бола отырып беретін білімді заманауи технологиялармен салыстыру қиын, — деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бірінші сынып оқушыларына алғашқы оқулықтары – «Әліппе» және «Букварь» табыс етіп, оқушыларға мықты денсаулық және жаңа оқу жылы қызық әрі пайдалы болуын тіледі.

Биыл 394 мыңға жуық оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Жаңа оқу жылында 3,6 миллионға жуық бала білім алады, бұл – рекордтық көрсеткіш.

Биыл оқу процесі санитария нормаларын қатаң сақтай отырып өтеді. Білім алушылардың денсаулығын сақтау үшін үзілістер әртүрлі уақытта болады, сонымен бірге қосымша ауысымдар енгізіледі.

Кластар мен кабинеттерде кварцтау, желдету және дезинфекция жұмыстарын жүргізу міндетті.

Сабақтар «бір кабинет – бір сынып» қағидаты бойынша ұйымдастырылады, яғни әр сыныпқа белгілі бір кабинет бекітілуі керек.

Жаңа оқу жылындағы сабақтың ұзақтығы — 45 минут. Білім беру ұйымдарында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.