Мәлік Мырзалин Жібек жолы ауылының «Білім күні» салтанатты шарасына қатысты

Өңiр басшысы бiлiм ордасының күнделiктi тыныс-тiршiлiгiмен таныса келе, мұғалiмдердi, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, көршi ауылдардан балаларды тасымалдау үшiн жаңа автобус сатып алуға сертификат тапсырды. Аталған бұл мектеп 2011 жылы салынған болатын. Қазiр мұнда 852 бала оқиды. Оның 121-i — 1-шi сынып шәкiрттерi.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Аршалы ауданындағы «Анар» астық қабылдау пунктiнiң ұн-макарон кешенiнiң ашылу салтанатына қатысты. Елбасының тапсырмасы бойынша Астана төңiрегiнде азық-түлiк белдiгiн дамыту мақсатында салынған бұл кәсiпорын ұнды өңдеп, макарон мен жайманың 11 түрiн шығаруға бейiмделген. Комбинат тәулiгiне 170 тонна ұн өңдеуде. Мұнда қазiргi таңда 90 адам жұмыспен қамтамасыз етiлген. Өңiр басшысы өз сөзiнде отандық өндiрiстi одан әрi өркендетудiң маңыздылығын айта келе, облыс бойынша 11,4 миллиард теңгенiң 12 жобасының жүзеге асырылып жатқандығын тiлге тиек еттi. Ет өндiрiсiн дамытуға бағытталған осындай маңызды жобалардың бiрi Макинка құс фабрикасының құрылысы. Оның қуаты 60 мың тонна құс етiн өндiру. Бұл республикамыздағы үлкен көрсеткiш.

Өңiр басшысының қатысуымен жақында өткен қала активiнiң жиналысында атап көрсетiлгенiндей, Көкшетау қаласының келбетi жылдан-жылға жасарып, адамдардың қолайлы тұрмысын қамтамасыз етуге барлық жағдайлар жасалған. Ең бастысы, жолдар жөнделiп, көпқабатты үйлердiң маңайы абаттандырылуда. Демалыс орындарының маңын сәулеттiк мүсiндермен безендiру де назардан тыс қалмаған. Жыл басынан берi қала аумағында 7,5 мың түп ағаш отырғызылып, 20 мың шаршы метр гүлзар жасалды. Келешекте жасыл желектi табиғат қорғау нормаларына сәйкестендiру үшiн әлi де көптеген шараларды жүзеге асыру керек. Көпшiлiктi қатты алаңдатып отыр-ған тағы бiр өзектi мәселе сауда орындарындағы азық-түлiк тағамдарының бағасы. Тiкелей қала әкiмiнiң тапсырмасымен бұл мәселе де қатаң бақылауға алынған. Апта сайын тағамның негiзгi түрлерiнiң бағасы бойынша мониторинг өткiзiледi.

Отандық өндiрiске кең қолдау жасап, шағын және орта кәсiпкерлiк нысанды дамыту адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуде кең мүмкiндiктер туғызуда. Қала әкiмi Ермек Маржықпаевтың актив жиналысында атап көрсеткенiндей, жетi айдың iшiнде жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар орталығының көмегiмен 935 адам жұмысқа орналастырылды. Қала алдында тұрған өмiршең мiндеттердi тезiрек шешу үшiн атқарушы билiк органдарымен бiрлесе iс-қимыл танытуда жеке және заңды тұлғаларға жүктелер мiндет те ауқымды. Олар өздерiне артылған сенiмнiң үдесiнен шығып, мiндет биiгiнен көрiнсе екен деймiз. Сонда ғана Көкшетауымыз гүлденген, өркендеген шаһарға айналары сөзсiз.