Президент ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.

Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын айтып өтті.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Республикамыздағы барлық мектеп миллиондаған шәкіртке есігін айқара ашады. Өскелең ұрпақ – еліміздің ертеңі! Мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайды. «Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін. Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін. Білім күні құтты болсын!, — делінген жазбада.