Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Президент қоғамдық орында тәртіп сақтауға шақырды

Фото: akorda.kz

Не болды?

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерімен кездесуде қоғамдық орындағы мәдениет пен әдеп нормасын сақтау мәселесіне тоқталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекет басшысы Қазақстанның өркениетті мемлекетке айналып келе жатқанын айтты. Уақыт өте азаматтардың өмірге көзқарасы, құндылығы мен қоғамдағы мінез-құлқы да өзгеріп жатыр деген ойды да алға тартты.

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Бұл қағидат Конституцияда бекітілгенімен, бұған тек заң ретінде қарауға болмайды. Құқықтық мемлекет ұғымы күнделікті өмірде көрініс табуға тиіс. Әр азаматтың іс-әрекеті, көпшілік ортадағы мәдениеті, тәртібі мен мінез-құлқы заң талабына сай болуы қажет, – дейді президент.

Тоқаевтың айтуынша, өркениетті әрі заманауи қоғамның әр мүшесі қоғамдық орында, әсіресе қызмет барысында өзін мәдениетті әрі әдепті ұстауы қажет.

Қазір тіпті амандасу кезінде де орынсыз әрі оғаш қылық көрсететін жандар кездеседі. Сондықтан бұл бағыттағы түсіндіру жұмысын күшейткен жөн. Мұны болмашы мәселе деп қарауға болмайды. Себебі кез келген елдің мәдениеті мен даму деңгейі оның халқының күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпынан көрінеді, – дейді мемлекет басшысы.

Контекст

Естеріңізге салайық, Тоқаев министрге Қазақстанның қорғаныс қабілетін күшейтуді тапсырды.

 

Мақалаға реакция