Не болды?
FIFA Ino Cat есімімен белгілі Оңтүстік Корея блогері Юн Су Жинді, нәсіліне қатысты дауға тап болғаннан кейін Әлем Чемпионатына шақырды. Блогер Оңтүстік Корея мен Мексика құрамасы арасындағы матчты тамашалай алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұйымның мәліметінше, блогер 19 маусым күні Гвадалахарада өтетін ойынға шақырту алды. Матч Халықаралық өшпенділікке қарсы күрес күнінде өтеді. Ino Cat ойыннан бөлек құрмет пен инклюзивті қоғам құруды насихаттайтын іс-шараға да қатысады.
Бұл шақыртуға жуырда болған жағымсыз оқиға себеп болды. Оңтүстік Корея мен Чехия арасындағы матчта блогер трибунадан әлеужеліге арналған бейнежазба түсіріп тұрған. Сол сәтте артындағы жанкүйер көзінің қиығын саусағымен созып көрсетіп, нәсілшіл сипаттағы ишара жасаған.
Оқиға бейнежазбаға түсіп қалып, Мексиканың жергілікті БАҚ өкілдері мен әлеужелі қолданушылары әлгі жанкүйердің әрекетін қатаң сынға алды. Мексика жанкүйері блогерге қолдау білдіріп, кешірім сұраған.
Юн Су Жин қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, Мексиканың жақсы қырын насихаттауды жалғастыратынын мәлімдеді.
Кейін жергілікті БАҚ бейнежазбадағы ер адамның кім екенін анықтады. Оның Улисес Бернал есімді азамат екені белгілі болды. Даудан кейін ер адам басшылық қызметінен кететінін жариялады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Өзбекстан құрамасы футболдан 2026 жылғы Әлем Чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді.
