Қоғам мүгедектігі бар кісіге қалай қарауы керек?
Кейінгі жылдары Қазақстанда инклюзивті жобалар көбейіп келеді. Соның бірі – мүгедектігі бар жандар жұмыс істейтін Künde кофеханасы. Бұл орын қоғамдағы таптаурындарды бұзып, адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертуге көмектесуді көздейді.
