Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған

Фото: Рolisia.kz
Ақмола облысында ірі есірткі зертханасы жойылып, оны ұйымдастырған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, арнайы операцияны есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті қызметкерлері жүргізген. Нәтижесінде 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы қолға түсті. Тергеу мәліметінше, әкесі ұлын заңсыз әрекетке тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен. Тінту барысында 200 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор, химиялық реактор және түрлі зертханалық жабдықтар тәркіленді.

Комитет төрағасы Данияр Мейірхан айтуынша, тәркіленген есірткі шамамен 600 мың бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны 5 млрд теңгеден, яғни 10 млн АҚШ долларынан асады.

Алдын ала мәлімет бойынша, прекурсорлар басқа өңірлерге де жеткізілмек болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақалаға реакция