«Ұлттық киіммен келіңіз». Алматыда тегін мұз айдыны ұйымдастырылады

Алматыда 18 наурызда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау іс-шарасы өтеді. Ерекше мерекелік іс-шара Алматыдағы бірнеше мұз аренасында ұйымдастырылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Спорт басқармасының мәліметінше, тұрғындар мен қала қонақтары Алматы Арена, Халық Арена және Олимпик мұз аренасы алаңдарында сырғанай алады.

Іс-шара 18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Келушілер үшін жаппай сырғанау тегін ұйымдастырылады. Қатысудың басты шарты — ұлттық киім киіп келу. Конькиді өзіңізбен бірге алып келуге немесе мұз айдынында жалға алуға мүмкіндік бар, — делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар бұл кешті достармен және отбасы мүшелерімен бірге өткізіп, ерекше мерекелік атмосфераны сезінуге шақырады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да