Кейінгі жылдары Қазақстанда инклюзивті жобалар көбейіп келеді. Соның бірі – мүгедектігі бар жандар жұмыс істейтін Künde кофеханасы. Бұл орын қоғамдағы таптаурындарды бұзып, адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертуге көмектесуді көздейді.
Қазіргі қоғамда инклюзия мәселесі уақыт өткен сайын маңызды тақырыптардың біріне айналып келеді. Ерекше жандардың қоғам өміріне толық араласуы, білім алып, еңбек етуі және өз қабілетін іске асыруы – дамыған қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі.
Кейде адамдар мүгедектігі бар жандарға тек көмекке мұқтаж адам деп қарауы мүмкін. Алайда бүгінгі таңда бұл түсінік ақырындап өзгеріп келеді. Мүгедектігі бар адамдарды аяушылықпен емес, басқалармен бір деңгейдегі құқығы бар азамат ретінде қабылдаған жөн. Олар қоғамның толық бір мүшесі ретінде өмір сүріп, еңбек етіп, өз әлеуетін пайдалана алады.
Диана 2025 жылғы жаздан бастап Künde кофеханасында жұмыс істеп келе жатыр. Диана қоғамның оларға қалай қарайтыны туралы пікір білдіріпті.
Мәулен Ахметов (жоба авторы) хабарласып кофебрейкке тапсырыс алғанын айтады, сол күні мен адам санына қарай тізім жасаймын. Кофе дәні, сүт, сироп сияқты заттардың қайсы жоқ екенін анықтап, тапсырыс беремін. Іс-шара өтетін күні таңертең бәріміз жиылып, шығып кетеміз. Маған кофебрейк ұнайды. Біріншіден, көп ақша табамын. Екіншіден, өте көп қызық адамдармен танысамын. Үшіншіден, өте қызық жерлерге барамыз. Сондықтан бізге кофебрейкке тапсырыс бере беріңіздер, — дейді Диана.
Қызметкердің айтуына қарағанда, оны көрген адамдар оның ерекшелігі денесінде ғана емес, миында да бар деп ойлайды екен. Алайда ол тек аяқ-қолын басқара алмайды.
Церебральды сал ауруы (ДЦП) бар адамдардың ерекшелігі сыртында ғана, ішкі әлемінің қарапайым адамдардікінен еш айырмашылығы жоқ, — дейді Диана.
Әдетте церебральды сал ауруына шалдыққан адамдардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау, түйсік, айналаны қабылдау секілді когнитивті функциялары кішкене немесе толығымен бұзылған болуы мүмкін. Алайда адам миының керемет мүмкіндігі мен әлеуеті бар. Бұл ауруды дұрыс таңдалған емдеу және оңалту әрекеттерінің арқасында ішінара немесе толық жеңіп шығуға болады.
Инклюзивті қоғам қалыптастыру үшін әр адам көзқарасын өзгертуі қажет. Қоғам мүгедектігі бар адамдарға мүмкіндік беріп, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасауға тиіс.
