Жаңа Конституция: заңнаманы қайта қарау басталады

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында барлық заңнаманы жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап  отыр.

Премьер-министрдің айтуынша, жаңартылған Ата заң елдің саяси жүйесіне азаматтардың кеңінен қатысуына, құқықтар мен бостандықтардың қорғалуына, сонымен қатар ғылым, мәдениет, цифрлық даму және экологиялық қауіпсіздіктің нығаюына негіз қалайды.

Ол еліміздің саяси жүйесіне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік береді, — деді Бектенов.

Үкімет басшысы алдағы реформаларды сапалы әрі жедел іске асыру басты міндет екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, үкімет президент тапсырмаларын орындау аясында парламентпен бірлесіп, заңнаманы қысқа мерзімде жаңартуға тиіс.

Атап айтқанда, бес жаңа және қолданыстағы сегіз конституциялық заңға, сонымен қатар 60-тан астам заңға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл түзетулер негізгі кодекстерді де қамтиды.

Сонымен қатар Конституцияны ілгерілетуге бағытталған арнайы іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Үкімет бұл бастамалар елдегі реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да