Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Әнші Рахат Тұрлыханов қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін

Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov
Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты әнші Рахат Тұрлыхановтың ісін тергеу органдарына жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Рахат Тұрлыхановтың бірінші ісі әкімшілік кодекстің 73-бабы 1-бөлігі бойынша қаралған.

Хаттама бойынша, Тұрлыханов үйінде бола тұрып жұбайымен жанжал шығарып, жанжал барысында оны қорлап, қорқытып, айқайлап, үйдегі тыныштықты бұзған, — делінген хабарламада.

Сот Рахат Тұрлыхановтың әйелінің полицияға түсірген арызын ескере отырып, қылмыстық бап бойынша жазаланатын әрекеттің бар-жоғын тексеру үшін прокурорға және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына жолданды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 15 наурызда Рахат Тұрлыханов әйеліне күш көрсетті деген күдікпен қайта ұсталған еді. Бұған дейін де Рахат Тұрлыханов осындай оқиғаларға қатысты бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жағдайда 10 тәулікке қамауға алынған.

Мақалаға реакция