«Наурыз» ипотекасына өтініш қабылдау уақытша тоқтады

Наурыз мейрамына байланысты «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасы бойынша ипотекаға өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Отбасы банк» мәліметінше, 21–25 наурыз аралығында елдегі мерекелік демалыс күндеріне байланысты бағдарлама аясында жаңа өтініштер қабылданбайды.

Банк дерегі бойынша, өтініштерді тек жұмыс күндері 9:00-ден 21:00-ге дейін Baspana Market жылжымайтын мүлік порталында жолдауға болады.

Қаржы ұйымы азаматтарға өтініш беруді алдын ала жоспарлап, оны жұмыс күндері рәсімдеуге кеңес беріп отыр. Бұл әсіресе бағдарламамен алғаш рет қатысатын азаматтар үшін маңызды. Өтінішті дұрыс әрі тез толтыру үшін арнайы нұсқаулық дайындалған. Онда бағдарламаға қатысу тәртібі мен өтінім беру кезеңдері егжей-тегжейлі көрсетілген, — делінген хабарламада.

Осылайша, мерекелік демалыс аяқталғаннан кейін «Наурыз» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау қайта жалғасады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да