Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Президенттің мәлімдеуінше, жаңа Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Сонымен қатар Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде жыл сайын 15 наурызда атап өтілетін болды.

Ақордада Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтіп жатыр. Жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата заңның маңыздылығына тоқталды.

Халық Конституциясы келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді терең сезіне отырып қабылданды. Бұл – қуатты, бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа жарғысы. Жаңа Конституция – бабаларымыздан келе жатқан дала заңдарының жалғасы, — деді президент.

Сонымен қатар мемлекет басшысы референдумға қатысқан барлық азаматтарға алғыс айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да