Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда бірнеше республикалық жол жабылды

Фото: Depositphotos.com
«ҚазАвтоЖол» елдегі республикалық маңызы бар автожолдың қазіргі ахуалы туралы мәлімет жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

2026 жылғы 18 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Қостанай облысы аумағындағы «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының Рудный қаласы мен Денисовка кенті аралығындағы учаскесінде қозғалыс барлық көлік түрі үшін қайта ашылды.

Сонымен қатар қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Атырау облысы аумағында «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының Ақтөбе облысы шекарасы мен Сағыз кенті аралығында қозғалыс шектелді.

Батыс Қазақстан облысы аумағында «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» тасжолының Жымпиты кенті мен Ақтөбе облысы шекарасы арасындағы бөлігі жабық.

Ақтөбе облысы бойынша бірнеше бағытта шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы», «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» және «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолдарының бірқатар учаскелері жабық.

Қызылорда облысы аумағында осы халықаралық дәліздің Ақтөбе облысы шекарасынан Арал қаласына дейінгі бөлігінде қозғалысқа шектеу қойылған.

Павлодар облысы аумағында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» жолындағы Қалқаман жолайрығында көлік қозғалысы шектелді.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында Осинов асуында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Бұл шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының белгілі бір учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.

Жол қызметтері жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап алуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.

Мақалаға реакция