Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Парламент мәжілісі ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдап, сенатқа жолдады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан іске қосылады.
Цифрлық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.