Не болды?
Венесуелада екі рет жер сілкісіні болған еді. Дүмпу көршілес елдерде де сезілді. Магнитудасы 7,5 болған жер сілкінісінен 235 адам қайтыс болып, 4,3 мыңға жуық адам жараланған. Бұл туралы Вaribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
АР news мәліметі бойынша, Венесуеланың солтүстігінде болған екі жойқын жер сілкінісінен кейін тұрғындар қираған ғимараттардың астынан тірі қалған адамдарды іздеп, құтқарушылар да апаттан ең көп зардап шеккен солтүстік аймақтағы жаралы адамдарды құтқарып жатыр. Табиғи апат салдарынан 235 адам қаза тауып, кемінде 4,3 мың адам жараланған.
АҚШ Венесуелаға қатысты санкцияларды жеңілдетті
АҚШ-тың қаржы министрлігі Венесуелаға қатысты кейбір санкцияларды 23 қазанға дейін уақытша жеңілдететінін мәлімдеді. Бұл шешім жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитар көмек беруге ықпал етеді.
Тоқаев Венесуела халқына көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуела президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.
Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, сізге, жақындарынан айырылған отбасылар мен Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабыр сақтап, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.
