Не болды?
Шымкент тұрғыны қарбыз арасына есірткі жасырып, оны сатуға дайындаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Рolisia.kz мәліметінше, Шымкентте үй аумағынан «гашиш» пен «марихуана» деген есірткі табылды. Күдікті есірткіні қарбыз арасына жасырып, сатуға дайындаған. Тінту кезінде 130 түп есірткісі бар өсімдік, 330 килограмнан астам есірткі шикізаты мен әрі қарай сату үшін оралған дайын өнім тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің екі бабы — есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеуде қылмыстың мән-жайы мен басқа да күдіктілерді анықтап жатырмыз, — деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Контекст
Естеріңізге салайық, Telegram желісіндегі Kaef Mafia деген интернет-дүкені арқылы синтетика есірткі мен психотроп зат сатқан қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды.
