Қоғамдық орында ниқаб кигендерге айыппұл салынбақ

Қоғамдық орында ниқаб кигендерге айыппұл салынбақ. Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Қоғамдық орында ниқаб киіп, заң бұзғандарға ескерту жасалады. Ескерту еленбеген жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (Шамамен 43 мың теңге) айыппұл салынады.

Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда азаматтардың бет-әлпетін толық жабуға тыйым салатын заңға қол қойған.

«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заңға енгізілген өзгерістер қоғамдық орындарда ниқаб пен паранжа сияқты діни киімдер киюге шектеу қояды.

Бір айта кетерлігі, мұндай киім киюге медицинада, спорттық-мәдени іс-шараларда рұқсат етіледі. Қызметтік міндет орындау кезінде де рұқсат бар.

Құқық қорғаушылар «Бұл заң дін еркіндігін шектейді» деген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да