Не болды?
Енді азаматтар Қазақстанның жүргізуші куәлігімен Біріккен Араб Әмірліктерінде көлік айдай алады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz мәліметіне қарағанда, ішкі істер министрі Ержан Саденов пен БАӘ премьер-министрінің орынбасары Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян Абу-Даби қаласында кездесті. Кездесуде жүргізуші куәлігі мен жол ережесіне қатысты келісімге қол қойды. Бұл құжат қол қою әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Енді азаматтардың жүргізуші куәлігі екі елде де жарамды.
Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне 400 мыңға жуық Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық Қазақстан азаматы тұрады. Жаңа ереже ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқтаған соң күшіне енеді, — делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, сапар кезінде Ержан Саденов EDGE Group технологиялық конгломератының басшылығымен кездесіп, интеллект, киберқауіпсіздік, арнайы техника мен қару-жарақ салаларымен танысты.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ұлытау облысында жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алып беруге уәде етіп, азаматтарды алдаған күдікті ұсталды.
