Президент ардагерлер туралы заңды сапалы дайындауды тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақтықожа Ізмұхамедов Президентке ұйым жұмысы туралы және «Медиация туралы» заң аясында қолға алынған «Дәнекер» жобасы туралы мәлімет берді. Кездесуде «Ардагерлер ұйымы» мен ҚР Кәсіподақтар федерациясының бірлескен жобалары, Жеңістің 75 жылдығына әзірлік барысы мен «Ардагерлер туралы» заң жобасы туралы да айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заң жобасын сапалы дайындауды, Президент Жолдауынан туындайтын мәселелерге ардагерлерді белсенді араластыруды және елдегі реформаларды халыққа жан-жақты насихаттауды тапсырды.