Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанды әлемге танытатын жаңа жоба: FlyArystan халықаралық жарнама науқанын бастады

Фото: FlyArystan
FlyArystan әуе компаниясы еліміздің туризм әлеуетін әлемге танытатын жаңа науқан бастады. Жоба аясында Қазақстанның табиғатын, мәдениеті мен заманауи келбетін көрсететін арнайы бейнеролик жарияланды.
Baribar.kz  Қазақстанды халықаралық деңгейде танытуға бағытталған жаңа бастама туралы білді.

Бейнероликте Қазақстанның көрікті табиғаты, тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық тағамдары, әсем қалалары мен қазақ халқына тән қонақжай кейіп көрсетілген. Жобаның негізгі мақсаты – шетелден келген туристерге елімізді дәстүр мен заманауи өмір салты үйлескен, естен кетпес саяхат өткізуге болатын жер ретінде таныстыру.

  • FlyArystan-ның жаңа имижд-бейнеролигі әуе компаниясының ресми YouTube арнасында жарияланған.

Қазақстанға саяхаттаңыз

Науқан FlyArystan әуе компаниясының негізгі халықаралық нарығына арналған. Олардың қатарында Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Таяу Шығыс, Орталық Азия және Кавказ елі, компанияның халықаралық рейсі ұшатын басқа да мемлекеттер бар.

FlyArystan президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхагеннің айтуынша, халықаралық бағыттың көбеюі Қазақстанды әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерге танытып келеді.

Әр жаңа халықаралық бағыт елімізге келетін турист санын арттыруға, іскерлік және мәдени байланысты нығайтуға ықпал етеді. Бұл бастама — Air Astana тобының Қазақстанды халықаралық деңгейде танытуға бағытталған Going Global стратегиясының бір бөлігі, – дейді Йохан Эйдхаген.

Әуе компаниясының мәліметінше, биыл маусым айынан қазан айының соңына дейін FlyArystan халықаралық рейстегі жеті елге 25 бағыт бойынша ұшады. 2026 жылы Сиан, Үрімші, Батуми, Алания, Самарқан, Үргеніш және Ыстықкөлге жаңа рейс ашылған.

Компания бұл бағыттардың іске қосылуы Қазақстан мен көршілес өңір арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп қана қоймай, еліміздің туризмін дамытып, іскерлік байланысын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Компания туралы

FlyArystan – Air Astana тобына кіретін лоукостер. Компания қызметін 2019 жылғы мамыр айында бастады. Қазір әуе компаниясы Алматы, Астана және Ақтау қаласындағы базаларынан Airbus A320 ұшағымен ішкі және халықаралық рейстер орындайды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылы Skytrax World Airline Awards сыйлығы бойынша Орталық Азия мен ТМД кеңістігіндегі үздік бюджеттік әуе компаниясы болды.

***

Тағы оқыңыз:

Қолжүк тасымалдаудың негізгі ережелері: FlyArystan жолаушысына арналған нұсқаулық

Мақалаға реакция