Масс-медианы заңсыз талаптардан қорғауға заң жобасы қабылданды

Журналистердің мүддесін қорғау үшін БАҚ-та жарияланған мәліметтерді теріске шығаруды талап ету тәртібін заңнамалық түрде жақсартуды жоспарлап отырмыз. Халықаралық практика бойынша, соның ішінде БҰҰ стандарты бойынша, мәліметтерді теріске шығару туралы талап қоюдың ескіру мерзімін бір жыл етіп белгілеу ұсынылады. Бұл масс-медианы заңсыз талаптардан қорғауға мүмкіндік береді. Өйткені қазір бұл талаптың мерзімі шектелмеген. Әр елдерде бұл мерзім 1 жыллан 3 жылға дейін белгіленген. Біз соның ішінде 1 жыл мерзімді қалдыруды ұсынамыз. Қарағандыда бірнеше жыл өткен соң талап ету практикасы болғанын есімізде, − деді министр орынбасары Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан бұқаралық медианы заңнамалық реттеу туралы конференцияда.

Іс-шара барысында ведомство өкілі соттан басқа органдар журналистен дереккөзді ашуды талап ете алмауы керектігін айтты.

Ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету шараларын заңнамалық деңгейде бектіуді ұсынамыз. Атап айтқанда, журналист алған ақпаратты құпия сақтау шартымен журналистің жарияламау құқығын қарастыру ұсынылады. Құпия көз тек соттың талабы бойынша ашылатынын көздеу қажет деп есептейміз. Басқа жағдайда ешқандай орган дереккөзді ашуды журналистен талап ете алмауы керек, − деді вице-министр.

Кемелбек Ойшыбаев бұл – елімізде журналистік зерттеулердің сапасын арттырып, осы бағытты дамытатынын атап өтті.