Президент зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы туралы айтты

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Бұл орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірді ескерген жөн. Басты міндетіміз — әйелдер мен балалар құқығын қорғау, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.