Суық және күшті антициклонның орталығы Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты, ал оның сілемдері алдағы 3-5 қазан күндері республиканың көп облысындағы ауа райын анықтайды.
Солтүстікте күн бұлттанып, жылбысқы қар жауады, түнде температура 10 градус аязға дейін төмендейді. Баренц арқылы Кар теңізіне жылжитын белсенді циклон елімізге суық алып келеді.