Не болды?
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында өткен мерекелік іс-шарадар кейін 100-ден аса адам уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
19 маусымнан бастап қаладағы «Тұмар» мейрамханасында болған 102 адам ішек инфекциясына тән белгілермен аудандық және облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. 34 науқаста сальмонеллез болуы мүмкін деген күдік бар.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастардың жағдайы орташа. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Оқиғаға байланысты жедел штаб құрылып, Мұғалжар ауданына қосымша медициналық бригада жіберілген. Сонымен қатар қосымша төсек-орын дайындалып, қажет дәрі-дәрмек қоры жиналды.
Жаппай улану дерегіне байланысты санитар-эпидемиология мамандары тексерісті бастады. Тағам мен мейрамхана аумағынан алынған сынама сараптамаға жіберілген.
Тексеріс аяқталғанға дейін «Тұмар» мейрамханасының қызметі уақытша тоқтады.
Контекст
Естеріңізге салайық, Боралдайда 19 адам тамақтан уланып, ауруханаға түсті.
