Алдағы үш тәулікте ауа температурасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын хабарлады. Мамандардың болжамы бойынша көктемнің соңғы айының басында ауа райы айтарлықтай өзгермейді.

Қазақстанға Оралдан жылжитын атмосфера фронттарымен бірге бұрынғыдай жауын-шашын болады, солтүстікте жаңбыр, жылбысқы қар жауып, оңтүстіктің кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Ал фронттардың артынан келетін Скандинавияның солтүстігінде қалыптасқан суық антициклонның әсерінен күн тағы суиды, солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы 0-ден 7 градус аязға дейін, оңтүстіктің кей жерлерінде 0-ден 3 градус жылыға дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 3-6 градусқа төмен, — деп хабарлады синоптиктер.