Не болды?
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі жұмыс барысында көз жұмды. Қайғылы оқиға 22 маусым күні Жетісу ауданында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Полицияның мәліметінше, 131-маршруттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан кезде Mercedes және Toyota маркалы жеңіл көлікпен соқтығысқан.
Ресми дерек бойынша, қозғалыс кезінде жүргізушінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан көлікті толық басқара алмай қалған. Оқиғадан кейін жүргізуші қайтыс болды.
Қазір оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалған. Тергеу аясында жол апатының барлық мән-жайы зерттеліп жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Астанада автобус аялдама маңында тұрған әйелді қағып кетті.
