Синоптиктердің айтуынша, 26-28 қаңтарда оңтүстік облыстарына Оңтүстік-Каспий циклоны жылжиды. Мұнда жаңбыр жауып, жауын-шашын басталады. Түнде жылымық қар, көктайғақ, тұман, екпіні секундына 25-28 метрге дейін жететін жел болады. 27 және 28 қаңтар күндері қар жауу сақталады және күн суытады.