Қазақстанда алдағы 3 тәулікте күн күрт суиды

«Қазгидромет» мамандары 3-5 қыркүйек күндері елімізде жаңбыр жауып, күн күрт салқындайтынын болжады.

Алдағы күндері Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады, шығыста жел күшейеді, қатты нөсер жаңбыр жауады және бұршақ түсуі ықтимал, — деп хабарлады синоптиктер.