Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Президент Қазақстан мен Еуродақтың байланысын күшейтуге шақырды

Фото: Ақорда

Не болды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews басылымына жариялаған мақаласында Қазақстан мен Еуродақ арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеру керек екенін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мемлекет басшысының айтуынша, 2015 жылы әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғалы Еуродақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестор серіктесіне айналды. Қазір елімізде мыңдаған еуро компания жұмыс істеп келеді.

Алда Қазақстан мен Еуродақ үш негізгі мақсат бойынша жұмыс істеуге тиіс. Олар: тұрақтылық, көлік-логистика байланысын күшейту, азаматтар үшін жаңа мүмкіндік қалыптастыру, — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды мемлекет екенін айтты. Оның айтуынша, 2025 жылы ел экономикасы 6,5% өсіп, жалпы ішкі өнім көлемі 306 млрд долларға жеткен. Ал халықаралық валюта қорының болжамынша, 2026 жылы бұл көрсеткіш 360 млрд доллардан асады.

Мақалада энергетика қауіпсіздігі мәселесіне де көтерілген. Қазір Қазақстан Еуродақ импорттайтын мұнайдың шамамен 13%-ын және табиғи уранның 16%-ын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) маңызын атап, оның Еуродақтың Global Gateway бастамасымен үйлесетінін айтты. Бұдан бөлек, жасанды интеллект, цифрлық технология, инновациялар, білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту керек екенін жеткізді.

Президент виза рәсімдеуді жеңілдету бойынша да жақсы өзгеріс бар екенін атап өтті. Бұл студенттер, ғалымдар, кәсіпкерлер мен қос тарап азаматтары арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 22-23 маусым күні Брюссельде Еуродақ басшыларымен келіссөз жүргізеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Тоқаев омарташыларға қатысты жаңа заңға қол қойды.

Мақалаға реакция