Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Қыста кеңдеу киім кию керек. Сол кезде дене қызуымен бойыңыз мұздамайды. Аяқ киімді де бір-екі өлшем үлкен алған жөн. Егер аяқ киіміңіз тар болса аяғыңыз қозғалмай, тоңып қалады.
Қыста көбірек ащы тамақ жеу керек. Ол тамырларды кеңейтіп, қан айналымын жақсартады. Ал никотин мен кофеин керісінше тамырларды тарылтады.
Сондай-ақ, аяқ-қолы үнемі тоңып жүретін адамдарға балық пен ет жеу керек. Балықта тамырларға пайдалы май қышқылдары бар. Ал етте қан айналымын жақсартатын темір көп.
Сұйықтықты көп ішу қажет. Су мен жылы тамақ пайдалы. Ағзада сұйықтықтың жеткілікті болуы қан айналымын, жылу алмасу процесін жақсартады.
Дәрігерлер дене жылы болып, аяқ-қолдың суық болып тұруы артерияның тоқтауы, анемия және басқа да ауытқушылықтарды білдіреді дейді.