Не болды?
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің қызметінен кеткені белгілі болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Федерацияның хабарлауынша, маман өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдаған. ҚФФ бұл шешімге құрметпен қарайтынын және оның таңдауын түсінетінін мәлімдеді.
Федерация өкілдері Байсуфиновтің жетекшілігімен ұлттық құраманың бірқатар маңызды нәтижеге қол жеткізгенін айтты. Атап айтқанда, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнап, бапкердің жұмыс кезеңіндегі үздік көрсеткіштің бірін тіркеген.
Сонымен қатар оның басшылығымен ұлттық команда өз мүмкіндігіне сенімін арттырып, FIFA рейтиңіндегі позициясын жақсартқан.
Қазақстан футбол федерациясы Талғат Байсуфиновке ұлттық құрамадағы еңбегі мен отандық футболды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Қазір құраманың жаңа бас бапкері кім болатыны белгісіз. Федерация жаңа жаттықтырушылар штабы туралы ақпарат кейінірек жарияланатынын хабарлады. Ал ұлттық құраманың алдағы ойындарға дайындығы жалғасып жатыр.
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2025 жылдың қазан айында тағайындалған.
Контекст
Естеріңізге салайық, FIFA футбол матчында расизмге тап болған блогерді Әлем Чемпионатына шақырды.
