Қазақстанның төрт облысында күн күрт суытады

«19-20 қазанда түнде Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы -1-6, кей жерлерде -9 градусқа дейін төмендеуі күтіледі», — делінген хабарламада.

Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп хабарлайды 24.kz. Астана қаласында да жел күшейеді. Еліміздің 4 аймағында осындай ескерту жарияланды.

Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл, Алматы облыстарында да қазанның 19-на қараған түні жел күшейеді. Бұл өңірлерде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, жол көктайғаққа айналуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, Синоптиктер соңғы 100 жылда болмаған суық келе жатқанын ескерткен болатынбыз.

ДереккөзҚазАқпарат

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да