Демалыс күндері жаңбырлы әрі суық болады

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары 18-20 мамыр күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, көпжылдық климат мәліметі бойынша 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады. Алдағы демалыс күндері де Оралдан келетін суық атмосфера фронттарының әсерінен республиканың көптеген аймағында жаңбыр жауып, температура тағы төмендейді.

Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік пен орталықтың кей жерлерінде нөсер жаууы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропа бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашын тоқтап, солтүстіктің тропосфера ағындары ауа температурасын төмендетеді, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.