«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда бүгін Жамбыл облысында күн күркірейді, бұршақ жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Түркістан облысында да күн күркірейді, нөсер, бұршақ жауады, 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні 23 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Павлодар, облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Қостанай облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады. Алматы облысында күн күркірейді, 15-20 м/с жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Өңірде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, ауа температурасы төмендейді. Қызылорда облысында күн тұманды болады. Ақтөбе облысында сынап бағанасы кей жерлерде 8 градус аязды көрсетеді, тұман түседі. Қарағанды облысында жаңбыр мен қар жауады, екпіні 23-28 м/с-ке жететін күшті жел соғады, тұман түсіп, күн күркірейді, көктайғақ болады, ауа температурасы 8 градус аязға дейін төмендейді.

Бүгін Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында қар көшуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 16-18 сәуір күндері еліміздің көп өңірінде жаңбыр мен қар жауып, ауа температурасы кей жерлерде 10 градус аязға дейін төмендейтінін хабарлаған еді.