Елімізден солтүстік-батыс циклон өтетіндіктен, қар, боран, көктайғақ және тұман түрінде жауын-шашын болады. Қазгидромет күн райы болжамын ұсынып отыр.
Елімізде 9 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтайды да, ауа температурасы төмендейді.
9 желтоқсаннан бастап Ақтөбе облысында температура күндіз -13°C-тан -18°C-қа дейін, түнде -20-дан -25°C-қа дейін төмендейді.
9-10 желтоқсанда Қостанай және Ақмола облыстарында температура күндіз -22°C-тан -27°C-қа дейін төмендейді. Солтүстіктегі кей жерлерде температура -30°C-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында температура -25°C-тан -30°C-қа дейін төмендейді.
Қарағанды облысында температура -15°C-тан -20°C-қа дейін -22°C-тан -32°C-қа дейін төмендейді.
9-11 желтоқсанда Павлодар облысында температура күндіз -20°C-тан -25°C-қа дейін түнде -25°C-тан -30°C-қа дейін төмендейді.
10-11 желтоқсанда елдің шығысында температура -25°C-тан -30°C-қа дейін жетеді.
