«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Жангелдин атындағы скверде ардагерлер аллеясы ашылды.
Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізілген Ганди атындағы саябақты абаттандыруды тексерді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Райымбек ауданының орталығы – Нарынқолда жаңа нысандар бой көтеріп, абаттана түсуде. Жуырда ауылдың мәдени өмірінде айрықша жаңалық болды. Орталық саябақтың құрылысы толықтай аяқталып, ел игілігіне берілді.
Бүгін Алматыда әкімдіктің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған экологиялық акция қаланың әр жерінде өтіп жатыр. Соның бірі - Түрксіб ауданындағы Желтоқсан саябағы.
Түркістан қаласының орталығында ұзындығы 67 метрлік бассейні бар ашық аспан астындағы демалыс орталығы ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.