Алматыда жаңа алты саябақ ашылады

Олардың басым бөлігі Алатау ауданында (Зерделі, Боралдай, Саялы, Өжет шағын аудандары), сонымен бірге Медеу (Алатау шағын ауданы) және Наурызбай аудандарында (Қарғалы жағалауының бойында) ашылады.

Бүгінде қалада жалпы алаңы 631,2 гектар болатын 211 саябақ аумағы орналасқан. Қазіргі уақытта сегіз нысанды, оның ішінде саябақтарды, скверлерді абаттандыру, жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Нысандардың бірі – ҚБТУ ғимаратының артындағы «Северный» сквері, онда бастапқыда тек фонтанды реконструкциялау жоспарланған. Алайда тексеру барысында бүкіл алаңның тозғаны анықталды. Нәтижесінде бүкіл аумақты қайта құру туралы шешім қабылданды. Барлық жұмыстарды 2022 жылғы қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Байсейітова көшесі бойымен Сәтбаев көшесінен Жамбыл көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағы спорт, балалар алаңдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылады, сыртқы жарықтандыруды орнату жоспарлануда және тағы басқа. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымның бұзушылықтарына байланысты жұмыстар уақытша тоқтатылды. Компания мамандары жұмыс барысында 10-ға жуық ағаштың тамыр жүйесіне зақым келтірген. Жақын арада осы учаскедегі мәселелерді талқылау үшін жұртшылықпен кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Қала орталығынан алыс орналасқан әрбір ауданда серуендейтін аймақтар салу жоспарланған. Мысалы, Боралдайдағы саябақ Тереңқұрға ұқсас болады, ал Зерделіде орталық мәдениет саябағына ұқсас жастар саябағы салынады.