Басты бетҚоғамАлматының қараусыз...

Алматының қараусыз жатқан жерінен «Желтоқсан» саябағы ашылды

2020 жылы пандемияға қарамастан саябақтың бірінші кезеңі аяқталды. Мұнда 13 ойын алаңы: балалардың 8 және спортпен шұғылдануға арналған 7, оның ішінде воркаут, мини-футбол және стритбол, сонымен бірге паркур ойын алаңдары бар.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, саябақтың басты ерекшелігі — ұзындығы 1 200 метр жаяу жүргіншілерге арналған пирст. Ол Кіші Алматы өзені арнасынан және Әуежай көлінің шығыс жағалауынан өтеді.

Желтоқсан саябағының ашылуы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2021 жылы саябақтың жаяу серуендеуге және демалуға арналған аймақтарын, сонымен бірге тоғайдың жасыл қорын қайта жасау жоспарланып отыр.  Бұл істі дамыту бойынша Желтоқсан ұйымдары басшылары мен іргелес аудан тұрғындарының пікірі ескеріледі.

Қонақтар саябаққа қарағай, көк шырша және Тянь-Шань шыршаларын отырғызды.

Желтоқсан саябағының ашылуы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі