Анталияда Абай атындағы саябақ ашылды

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы саябақтың ашылуына қолдау көрсеткені үшін Түркия мемлекетіне алғыс айтты.

Абай саябағы
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Ол халықаралық деңгейдегі осындай шаралар алдағы уақытта да екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтатынына сенім білдірді.

Шара кезінде Абайдың өлеңдері оқылып, әндері орындалды.

әнші қыз
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
домбыра
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Анталияның Мұратпаша ауданының мэрі Үміт Үйсал саябаққа Абай Құнанбайұлының есімін беру қазақ және түрік халықтарының рухани әрі мәдени жақындығын көрсететін маңызды іс-шара екенін айтты.

Айта кетейік, биыл ұлы ақын Абайдың туғанына 175 жыл.