Басты бет / Жаңалықтар /
Әсет Құралбай
Фото: threads.com/@bostonglobe2

АҚШ-та қаза тапқан Әсет Құралбайдың денесі Қазақстанға жеткізілді

Не болды?

Сыртқы істер министрлігінде өткен брифиңде Ерлан Жетібаев АҚШ-та қаза тапқан азаматтың денесі елге жеткізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

25 маусым күні Қазақстан азаматының денесі елге жеткізілді. Нью-Йорктегі бас консулдық қолдау көрсетіп, мәйітті отанына жеткізуге жәрдемдескен.

Маусым айының ортасында АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбай жоғалып кеткені хабарланды. Жас жігіт маусым айының басынан бері жақындарымен байланысқа шықпаған. Кейін полиция оның көлігін тапқан.

Одан кейін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қаза тапқан адамның Қазақстан азаматы болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Контекст

Естеріңізге салайық, 16 маусым күні сыртқы істер министрлігі АҚШ-та қайтыс болған Қазақстан азаматының 24 жастағы Әсет Құралбай екенін растады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram