Желтоқсан саябағында желтоқсаншылар «Almaty Clean & Green» акциясына қатысты

Бүгін Алматыда әкімдіктің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған экологиялық акция қаланың әр жерінде өтіп жатыр. Соның бірі — Түрксіб ауданындағы Желтоқсан саябағы. Бұл жерге сенбілікке келген желтоқсаншылар өздеріне арналған саябаққа қамқор болуға уәде беріп отыр.
Фото: Алматы әкімдігі

Саябақ аумағын емес, әркім үйінің алдын тазалап, жастарға үлгі-өнеге көрсетуі қажет. Табиғатты аяласақ, экологиямыз жақсарады. Желтоқсан саябағы бізге арналған соң келешекте облыстан, қаладан келіп бүгін егілген талдарға су құйып, қарап тұрамыз, — деді «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.

Айта кетейік, бүгін Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен қоғамдық ұйымдар ұйымдастырған Almaty Clean & Green экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында саябақтар, гүлзарлар, аулалар, қараусыз қалған аумақтар мен қоғамдық орындар тазартылады. Қала әкімдігі жиналған қоқысты шығарып, қажет құрал-жабдық береді.