Алматыда жаңа саябақ салынады

Былтыр «Айнабұлақ — 1», «Айнабұлақ — 3» ықшам аудандарының скверлері және «Гүлдер» паркі өндеуден өтті. Суару жүйелері жаңартылып, жарық тартылды. Скейт-парктер ұйымдастырылған екі жаңа жастар алаңы ашылды. Заманауи стритбол, баскетбол, волейбол және воркаут алаңдары жабдықталды. Биыл наурыз айында «Кемел» шағын ауданында жаңа парктің құрылысын бастап, жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін, — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар әкім «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2022 жылы ауданда 23 жоба іске асырылғанын айтты.

Оның ішінде балалар мен спорт алаңдары жөнделіп, қоғамдық кеңістіктер ашылды. 2023 жылы сіздердің өтініштеріңіз бойынша 800 миллион теңгеге 17 жобаны іске асыру жоспарда бар, — дейді Ерболат Досаев.