Арыстағы саябақтарға интернет жүйесі тартылды

Түркістан облысы Арыс тұрғындарының енді кез келген уақытта ғаламторды тегін пайдалануына мүмкіндігі бар. Себебі қаладағы төрт сабақта тегін Wi-Fi желісі орнатылды. Атап айтсанда, желі «Дендросаябақ», «Батырлар аллеясы», «Арбат», «Жастар» саябағында іске қосылған.

Жүйе 20 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істейді. Лимитсіз желіні орнату жұмыстарын «Транстелеком» компаниясы жүргізген.

Саябақтарға серуендеуге барған тұрғындар арақашықтықты сақтап, бетперде тағуды ұмытпау қажет. Сонымен қатар, тегін Wi-Fi желісін пайдалану кезінде жастардың тәрбиесіне кері әсер ететін сайттарға да кіруіне шектеулер қойылған.