Кейінгі кездері "Байқоңыр" ғарыш айлағы туралы алып-қашпа әңгіме көп. Ресей 2016 жылы Қиыр Шығыста "Восточный" ғарыш айлағын салып алғаннан кейін, "Байқоңыр" қажет болмай қалады деген пікір бар.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен Ресей үкімет басшысының орынбасары Юрий Борисовтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Байқоңыр" кешені бойынша жетінші үкіметаралық комиссияның жұмыс қорытындысы шығарылды.