Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

22 маусым күні еліміздің кейбір аймағында 40-41 градус ыстық болады

Фото: Markinternational.info
«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздегі ауа райына қатысты болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстік – батысында-қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Тек ҚР орталығында антициклон жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде 35-38 градус, Қызылорда облысында 40-42 градус ыстық күтіледі. Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40-41 градус қатты ыстық болады.

Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ұлытау, Абай облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Павлодар, Алматы облыстарының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі  күтіледі.

Қызылорда облысында, Қостанай облысының  оңтүстігінде, оңтүстік-батысында,, Ақмола облысының шығысында, Павлодар  облысының солтүстігінде, шығғысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде,  Абай облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында, орталығында, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Мақалаға реакция