Қытайдың «Чжужун» ғарыш аппараты Марсқа сәтті қонды

Бұл туралы Синьхуа жаңалықтары хабарлады.

Марсты зерттейтін қытайлық «Тайвэнь-1» аппараты ғаламшар бетіне сәтті қонған. Бұл — Қытайдың басқа ғаламшарда ғарыш зондын қондырған алғашқы жағдай.

«Чжужун» Марста жүруші аппарат ғаламшар топырағын, ионосферасын және климатын зерттеумен айналысады.

«Тайвэнь-1» автоматты ғарышаралық станса 2020 жылғы 23 шілдеде Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан «Чанчжэн-5» зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған еді.

Ақпан айында ол Марс орбитасына жетті.

Марс, ғарыш

ДереккөзҚазАқпарат