Тұңғыш киноэкипаж Қазақстан аумағына қонды

Ғарыш бортында космонавт Олег Новицкий, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко бар «Союз-МС-18» кемесінің аппараты Жерге қонды.

Ғарыш кемесі аппаратының қонуын қамтамасыз ету жұмыстарына Орталық әскери округтен 200-ге жуық әскери қызметкер, 12 Ми-8МТВ5-1 тікұшағы, Ан-12 және Ан-26 үш ұшағы, арнайы техниканың 20-ға жуық бірлігі жұмылдырылған. Кеме экипажы да борттық құжаттаманы мұқият зерттеп, қауіпсіз қонуына жауапты мамандардан кеңес алып жатыр.

Фото: Ria.ru

Жерге қонушы аппарат ішіндегі экипаж кез келген штаттан тыс жағдайда әрекет етуге дайын болды. Еске сала кетсек, тарихтағы алғашқы киноэкипаж ғарышқа 2021 жылдың 5 қазанында ғарышта көркем фильм түсіру миссиясымен аттанған.