Президент: 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парағында жазды.

Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді, — деді президент.

Бүгін, 12 сәуір Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат баласы алғаш рет қазақ жерінен ғарышқа ұшты.

Тағы оқыңыз:

Мемлекет басшысы Ғарышкерлер күнімен құттықтады

Қазақстанның ғарышкерлері туралы қызық мәліметтер

Ғарыш туралы тарихи оқиғаға негізделген топ-5 фильм